IPLC — клиенттерге күрделі инвестициялық жобалар мен күрделі жағдайларда кеңес беру қызметтерін ұсынатын мамандандырылған заң фирмасы.
Біздің мамандарымыз ірі холдингтік компанияларда, мемлекеттік органдарда және жеке жобалық компанияларда басшылық қызметтерде жұмыс тәжірибесі бар білікті заңгерлер мен қаржы сарапшылар болып табылады.
Біздің серіктестеріміз заң ғылымдарының кандидаттары, Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) және KazBar-дың тіркелген кеңесшілері, ғылыми жарияланымдардың авторлары болып табылады.
Біз тәуелсіз фирма. Біздің тәжірибеміз шындылыққа, адал ниетпен әрекет етуге және стратегиялық түсінікке негізделген.
Біздің миссиямыз — экономикалық тұрғыдан тиімді құқықтық шешімдер табу, Сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді қорғау және күрделі құқықтық мәселелерді шешуге көмектесу арқылы Сіздің бизнес-амбцияларыңызды қолдау.
Біз құпиялылық негізінде кеңес беру қызметтерін ұсынып, сезімтал ақпараттың сақталуына кепілдік береміз.
Сіздің сенімді заң кеңесшіңіз ретінде біз тек құқықтық тапсырмаларды орындап қана қоймай, мәселелеріңізді шешуге ұмтыламыз. Біз түпкі себептерді түсінуге, тәуекелдерді алдын ала болжауға және нақты әрі тиімді құқықтық стратегияларды ұсынуға тырысамыз.
IPLC PM, жобаларды басқару жөніндегі еншілес компаниямызбен бірлесе отырып, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және іске асыру бойынша кешенді қызметтер ұсынамыз.
