kk
kk

ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢГЕРЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ

Біз жобалық басқарудың барлық кезеңдерінде жан-жақты заңдық қолдау көрсетеміз:

  • Жобалық үдерістерге заңдық бақылау. Жобаларды іске асырудың құқықтық аспектілері, басқару мәселелері және шарттық тәуекелдерді басқару бойынша кеңес беру.
  • Бюджет, тәуекелдер және белгісіздіктер. Бюджеттеуді қолдау, тәуекелдерді азайту, дағдарысқа қарсы жоспарлау мен есептілік үшін құқықтық шешімдерді әзірлеу.
  • Дағдарысқа қарсы құқықтық қолдау. Жобаларды іске асырудағы кешігулер, шарттық міндеттемелердің бұзылуы және қайта құрылымдау жағдайларында заң көмегін көрсету.
  • Жобаға қатысушылардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету. Жобаны сауатты шарттық база, кепілдіктер мен бақылау механизмдері арқылы сүйемелдеу.

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

Біз инвесторларға, девелоперлерге және жобалық компанияларға стратегиялық құқықтық қолдау көрсетеміз:

  • Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл. Реттеуші органдармен қарым-қатынасты құқықтық сүйемелдеу, қажетті келісімдер мен рұқсаттарды алу.
  • Институционалдық серіктестермен өзара іс-қимыл. Инвестициялық институттармен, қорлармен және мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде жұмыс істеу кезінде құқықтық қолдау.
  • Мәмілелерді құжаттық сүйемелдеу. Инвестициялық келісімдерді және олармен байланысты құжаттарды дайындау және келісу.
  • Инвестицияларды тұрақты қорғау. Дауларда мүдделерді білдіру, инвесторлар құқықтарын құрылымдау және инвестициялық басқаруды құқықтық сүйемелдеу.

СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ АКТИВТЕРДІ ТІКЕЛЕЙ  БАСҚАРУ

Біздің фирма сенімгерлік басқару және активтерді құрылымдау саласында кеңес беріп, заңгерлік қолдау көрсетеді:

  • Үлестерді және активтерді сенімгерлік басқару. Активтерді кәсіби басқарушылар кеңесі арқылы құрылымдау және басқару.
  • Активтерді тікелей басқару. Активтер иелері атынан бақылау және шешім қабылдау өкілеттіктерін жүзеге асыру бойынша кеңес беру.
  • Активтерді басқару жоспарлары. Активтерді кешенді басқару жоспарларын және ішкі бақылау рәсімдерін енгізуге арналған құқықтық ресімдеу және регламенттеуші құжаттарды әзірлеу.

ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ІШКІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУЛЕР

Біз клиенттерге ішкі тергеу және стратегиялық құқықтық қолдау арқылы ұйымдағы заңдық және комплаенс тәуекелдерін анықтауға, бағалауға және азайтуға көмектесеміз:

  • Активтерді қайтару. Компания активтерін заңсыз иемденуді анықтау, бақылау және қайтару бойынша заңгерлік көмек көрсету.
  • Саясат пен комплаенсті тексеру. Бұрмалаушылықтар, талаптардың бұзылуы және теріс пайдалану мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және енгізу.
  • Экономикалық қылмыстарды тергеу кезіндегі құқықтық қолдау. Ұрлық, алаяқтық, өкілеттіктерді теріс пайдалану, мүдделер қақтығысы және өзге де бұзушылықтармен байланысты істерді құқықтық сүйемелдеу. Құқықтық саралау жүргізу, дәлелдерді жинау, қызметкерлерден жауап алу, сот сарапшыларымен бірлесіп қаржылық бұзушылықтарды талдау.
  • Құқықтық диагностика. Ішкі құқықтық және комплаенс тәуекелдерін анықтап, оларды болдырмау, шектеу және жою бойынша нақты және қолданбалы ұсыныстар беру.